Киелі үйден ағып шыққан қасиетті де шипалы бұлақ
1 (Мен көрген көріністе) әлгі хабаршы47:1 Яки кісі (40:3). мені киелі үйдің кіреберісіне47:1 41:1. қайтадан алып барды. Міне, киелі үйдің табалдырығының астынан су шығып ағып жатыр екен!47:1 Жыр 35:9; 45:5; Жое 3:18; Зәк 13:1; 14:8; Аян 22:1. Су шығысқа қарай ағып жатты, өйткені киелі үй шығыс жаққа қарай орналасқан. Содан бұлақ үйдің және құрбандық үстелінің оңтүстік жағынан өтіп шықты. 2 Мұнан кейін хабаршы мені Солтүстік қақпа ғимараты арқылы алып шықты да, сырт жақпен айналып барып, шығысқа қарап тұрған сыртқы қақпаға апарды. Міне, су ағыны қақпаның оңтүстік жағынан өтіп ағып жатты.