2 Сонда шәкірттері Исадан:
— Ұстаз, мынаның соқыр болып туғанына өз күнәсі себеп болды ма, әлде ата-анасынікі ме?9:2 Сол кезде діндарлар адам бойындағы кемтарлық пен ауруды күнәкар өмірдің салдары деп ойлайтын (9:33). — деп сұрады. 3 Иса:
— Оған өзінің де, ата-анасының да күнәсі себеп болған жоқ. Қайта, оның өмірінен Құдайдың құдіретті ісі көрінбек! — деп жауап берді.