10 «Қуана ән салып шаттаныңдар, уа, Иерусалимнің халқы! Мен сендердің араларыңда тұруға келе жатырмын! — деп уәде етеді Жаратқан Ие. — 11 Сол күні көптеген ұлттар Менімен тығыз байланысқа түсіп, Менің халқым болады. Мен сендердің араларыңда тұрамын». — Сол кезде сендер мені өздеріңе жіберген Әлемнің Иесі екенін анық білетін боласыңдар. 12 Жаратқан Ие Яһуданы Өзіне бағышталған қасиетті еліндегі айрықша үлесі2:12 Мыс 19:5; Жыр 32:12; Заң 32:9; Ерм 10:16. ретінде қабылдап, Иерусалимді (өз қаласы болуға) қайтадан таңдап алады.
Publicidade