4 оған былай деп бұйрық берді: «Бүкіл Иерусалим қаласын аралап шық та, онда жасалып жатқан жексұрын күнәларға бола ыңқылдай күрсініп қайғырған адамдардың маңдайына таңба сал!»9:4 Жыр 118:53,136; Иш 57:15,18.5 Мен осының бәрін тыңдап тұрғанда Жаратқан Ие жаңағы басқа қызметшілеріне былай деп әмір етті: «Мұның соңынан еріп, өздеріңе кездескен адамдардың бәрін қырып-жойып отырыңдар! Оларға аянышпен қарап, мейірім көрсетпеңдер! 6 Қарт болсын, жігіт пен қыз болсын, әйел мен бала болсын қыра беріңдер! Тек маңдайында таңбасы бар ешкімге тиіспеңдер!9:6 9:4. (Бұдан бір мыңдай жыл бұрын үйлерінің есік маңдайшаларына жағылған таңбалар Құдайдың халқын қатаң жазадан құтқарып қалған болатын: Мыс 12:7,13.) Менің киелі үйімнен бастап солай істеңдер!» Сонда олар өздеріне тапсырылған істі киелі үйдің алдында тұрған ақсақалдардан бастады.
Publicidade