5 және шынайы хабарды адал жеткізген1:5 Немесе: адал куәгер. (Яғни сөзі, ісі және құрбандық өлімі арқылы шынайы хабарды паш еткен: 3:14; Жох 18:37.) Иса Мәсіх сендерге рақымын жаудырып, тыныштық сыйлай көрсін! Иса Мәсіх — өлімнен қайта тірілгендердің ең Бастысы,1:5 Немесе: Тұңғышы; яки: Билеушісі (Қол 1:18). әрі жер бетіндегі патшалықтардың Әміршісі.
Мәсіх бізді сүйіп, Өзін құрбан етіп қанын төгуімен күнәларымыздан тазартып арылтты, 6 һәм бізді өз Құдайы және Әкесіне бағышталған қызметкерлердің патшалығы қылды.1:6 5:10; 20:6; Пет1 2:5. Оның салтанатты ұлылығы мен құдіреті мәңгілік бола бермек! Аумин.