2 Осы айуан қабыланға ұқсас, аяқтары аюдікіндей, ал аузы арыстанның аранындай болатын. Айдаһар13:2 Яғни әзәзіл шайтан (12:9). оған өз күшін, тағын және зор бедел мен билікті тапсырды.13:2 Осы айуан Құдайға мойынсұнбаған үкіметтерді бейнелеп, «Мәсіхке қарсы тұрушы» деп те аталады (17:3; Жох1 2:18).
6 Ол аранын ашып, Құдайды, Оның есімін, киелі үйін13:6 Яғни Құдайдың көктегі тұрағын (15:5-8). және көкте мекендейтіндерді балағаттап қорлай бастады. 7 Оған Құдайға бағышталған халқымен күресіп, жеңіп шығатын күш, сондай-ақ әрбір ру, халық, тіл және ұлттың үстінен билік берілді.