Тоқтының соңынан еріп, қиын-қыстау кезеңнен аман шыққан Құдай халқы
1 Мұнан кейін қарасам, (Иерусалимдегі) Сион төбесінде тұрған Тоқтыны және Оның қасында маңдайларында Тоқтының және Оның Әкесінің аттары жазылған жүз қырық төрт мың адамды14:1 144000 саны жайында 7:4-ті қараңыз. көрдім. 2 Сонда мен сарылдап аққан көп судың даусындай, күннің қатты күркіріндей, көктен шыққан бір дыбысты естідім. Ол жетігенде ойнаған күйшілердің әсем сазындай еді. 3 Тақ алдында және төрт нөкер мен ақсақалдардың алдында жаңа ән айтылды. Оны күнәларының құны өтеліп, күнәкар дүниеден азат етілген жүз қырық төрт мың адам ғана үйрене алды. 4 Олар Иемізге деген адалдықтарын бұзбай, өздерін пәк ұстаған еді.14:4 Немесе: өз ар-ұяттарына дақ түсіріп, жалған тәңірлерге табынбаған еді. (Шынайы Құдайға емес, жалған тәңірлерге табыну азғындық және неке адалдығын бұзу деп те аталады: 2:20-22; Ош 1:2.) Тоқты қайда бармасын, олар Оған еріп жүреді. Бұлар — Құдайға және Тоқтыға бағышталған алғашқы сый-тарту.14:4 Сенушілер «Құдайға және Мәсіхке бағышталған таңдаулы сый-тарту яки құрбандық» деп те аталады (Жақ 1:18). Олар адамзат арасынан төлемдері өтеліп, азат етілгендер еді; 5 ауыздарынан арам сөз шықпайтын, олар мінсіз14:5 (Яһд 1:24; Еф 5:24; Қол 1:22) Немесе: Құдай тағының алдында мінсіз..