13 Мұнан соң құрбақаға ұқсаған үш жынды16:13 Яки: (әзәзіл шайтанға бағынышты) үш арам рух (Елш 19:15-16). көрдім. Олар айдаһардың, айуанның16:13 12:3; 13:1. және жалған пайғамбардың16:13 Яғни жерден шыққан (екінші) айуанның (13:11-17; 19:20; 20:10). ауыздарынан шықты. 14 Үшеуі де — жындардың рухтары. Олар ғажап істер істеп, құдіреттерін көрсетеді. Олар бүкіл жер бетін аралап, күнәкар дүниенің күллі патшаларын Тәңір Иеге қарсы шайқасуға жинап әкеледі. Бұл шайқас Әлемнің Әміршісі — Құдайдың ұлы соты күні болады.
15 (Мәсіх былай дейді:) «Тыңда, Мен ұрының қапыда түсетініндей күтпеген кезде келемін! Жалаңаш қалып, жұрт алдында ұятқа қалмау үшін сергек болып, (кіршіксіз пәк) киімдерін дайын сақтағандар16:15 (3:3,18) Яки: киімін шешпей, сергек жатқандар (Лұқ 12:39-40). бақытты!»
16 Әлгі үш жын патшалардың бәрін еврейше Һар-Магедон16:16 Яки: «Мегидо тауы». (Бұл — Мысырдан Ливан мен Сирия елдеріне апаратын үлкен жолдың таулы асуының маңында орналасқан жер. Ежелде Құдай өз халқына осы жерде шабуыл жасаған өте күшті жауларын кереметпен жеңіп, талқандаған (Бил 5:19). Бұл жердің аты сол оқиғаға меңзейді.) деп аталатын жерге алып келді.