Pular para o conteúdo
Publicidade

Аян 21

Құдайдың өз халқымен бірге жаңа көк пен жерді мекендеуі

1 Содан соң жаңа көк пен жаңа жерді көрдім. Себебі бұрынғы көк пен жер құрып кетіп, бұдан былай теңіз де болмады. 2 Сонда мен көктен, Құдайдың қасынан түскен қасиетті қаланы: жаңа Иерусалимді байқадым. Ол күйеуінің алдынан шығуға безеніп киінген қалыңдықтай дайындалған еді.21:2 19:7; 21:9-11.3 Көктегі тақтан былай деген зор дауысты естідім: «Қараңдар, Құдайдың адамдар арасындағы тұрағы!21:3 Мыс 40:34; Леу 26:11; Заң 16:11; Жыр 83:2-3. Ол солармен бірге тұрып, олар Оның халқы болмақ. Осылай Құдайдың Өзі солармен бірге мекендеп, олардың Құдайы болады! 4 Ол барлық көз жастарын сүртіп тастап жұбатады.21:4 7:17. Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды. Себебі бұрынғы әлем құрып, жоқ болды».

5 Сонда тақта Отырған:21:5 Яғни Алла Тағала.

— Енді бәрін де жаңадан жаратамын, — деді. Ал маған қарап: — Мұны жазып қой, бұл сөздер сенуге тұрарлық шынайы! — деп қосты.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também