Құдайдың хабарын өзгертуден сақтандыру, соңғы уәде және ақ бата
18 Құдайдың осы кітаптағы хабарларын22:18 Яки: Осы жазбадағы пайғамбарлық сөздерді. еститіндерге мұқият ескертемін: кімде-кім оған бір нәрсе қосса, соның жазасына Құдай осы кітапта суреттелген пәлелерді қосып береді. 19 Ал кімде-кім Құдайдың хабары жазылған осы кітаптың сөздерінен бір нәрсені алып тастаса, Құдай оның осы кітапта бейнеленген мәңгілік өмір сыйлайтын ағаштан22:19 22:2. және қасиетті қаладан22:19 21:2,22-27. иемденетін үлесін де алып тастайды.