«Тоқтының» ақырзаманның билігін қабылдауы
1 Содан кейін тақ үстінде Отырғанның оң қолынан бір шиыршық кітапты5:1 Яғни шиыршықталған ұзын жазбаны (1:11; Мыс 17:14; Езк 2:9-10; Дан 12:4; Түсіндірмедегі «Кітапты» да қараңыз). көрдім. Шиыршық кітаптың екі жағына да жазу жазылып, ол жеті мөрмен бекітілген болатын. 2 Сол кезде бір құдіретті періштені де көрдім. Ол қатты дауыспен: «Кім мөрлерді бұзып, кітапты ашуға лайық?» — деп жариялады.