Pular para o conteúdo
Publicidade

Аян 6

Ақырзаман туралы құжатты бекіткен мөрлердің ашылуы

1 Содан кейін мен «Тоқтының» жеті мөрдің біріншісін сындырып ашқанын көрдім. Сол кезде төрт нөкердің біреуінің күннің күркіріндей қатты дауыспен: «Аттан!»6:1 Яки: «Мұнда кел!»; немесе: «Кел де қара!» (Осы түсініктеме бұдан кейінгі 3,5,7-аяттарға да қатысты.) — деп шақырғанын естідім. 2 Қарап қалсам, алдымда ақ боз ат6:2 Жеңімпаз қолбасшылар әдетте ақ боз атқа мінетін. тұр екен. Ат үстіндегі қолына садақ ұстап, басына жеңімпаздың тәжін киіп алыпты. Ол өзінің өктемдігін орнату үшін елдерді жаулап алуға6:2 Яки: Ол жеңу үшін жеңімпаз ретінде шықты. (Бұл — Мәсіхке қарсы тұрушыны немесе жаулап алушылықтың рухын бейнелейтін тұлға.) Бұдан кейін көрінген үш салт атты қантөгіс, ашаршылық және өлімді білдіреді. аттанды.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também