5 Тоқты үшінші мөрді сындырып ашқанда, үшінші нөкердің де: «Аттан!» — деп шақырғанын естідім. Қарасам, алдымда қара ат тұр екен. Үстіндегі салт атты қолына таразы ұстапты. 6 Сонда мен нөкерлер жағынан шыққан: «Бір күндік еңбекақыға тек бір қадақ6:6 Яки: хойникс (бір литрдей). бидай немесе үш қадақ арпа ғана берілмек, ал зәйтүн майы мен шарапты бүлдірме!»6:6 Ашаршылықтың салдарынан дақыл өнімдерінің бағалары он есе артты. Зәйтүн ағаштары мен жүзім бұталарының тамырлары терең болғандықтан, олар уақытша қуаңшылықтан зиян шекпеді. — деген дауысты естідім.
Publicidade