Құдайдың өз халқын таңбалап, ерекше қамқорлыққа алуы
1 Мұнан кейін мен дүниенің төрт бұрышында тұрып, жер бетіне, теңізге және ағаштарға ешқандай жел соға алмастай етіп жердің төрт желін тұсаулап ұстаған төрт періштені көрдім. 2 Сол кезде күншығыстан келе жатқан, қолында мәңгі тірі Құдайдың мөрі бар басқа бір періштені де көрдім. Ол Құдайдан жер мен теңізге зақым келтіру билігін алған төрт періштеге қатты дауыспен айқайлап: 3 «Біз Құдайымыздың қызметшілерінің маңдайына таңба салып болмайынша, жер бетіне, теңізге және ағаштарға ешбір зақым келтірмеңдер!» — деп бұйырды. 4 Мен маңдайларына Құдайдың таңбасы салынғандардың саны жүз қырық төрт мың7:4 Он екі рет он екі мыңның көбейтіндісі болған осы сан — тұтастықтың белгісі, ол Құдайдың бүтін халқын білдіреді (Түсіндірмедегі «Сандардың астарлы мағынасын» да қараңыз). екенін естідім; олар Исраилдің7:4 Ғұламалар бұл жердегі «Исраил» сөзін Жаңа Келісім бойынша Құдай халқының құрметті атағы немесе Мәсіхтің тура жолына түскен исраилдіктердің атауы ретінде түсіндіреді (Рим 11:26; Флп 3:3; Ғал 3:26-29; 6:16). барлық руларынан еді. 5-8 Әрбір рудан, яғни Яһуда, Рубен, Ғад, Ашир, Нафталим, Манаса, Шимон, Леуі, Исашар, Забулон, Жүсіп және Бунямин руларынан он екі мыңнан адамға таңба салынды.