Құдайдың өз халқын таңбалап, ерекше қамқорлыққа алуы
1 Мұнан кейін мен дүниенің төрт бұрышында тұрып, жер бетіне, теңізге және ағаштарға ешқандай жел соға алмастай етіп жердің төрт желін тұсаулап ұстаған төрт періштені көрдім. 2 Сол кезде күншығыстан келе жатқан, қолында мәңгі тірі Құдайдың мөрі бар басқа бір періштені де көрдім. Ол Құдайдан жер мен теңізге зақым келтіру билігін алған төрт періштеге қатты дауыспен айқайлап: 3 «Біз Құдайымыздың қызметшілерінің маңдайына таңба салып болмайынша, жер бетіне, теңізге және ағаштарға ешбір зақым келтірмеңдер!» — деп бұйырды. 4 Мен маңдайларына Құдайдың таңбасы салынғандардың саны жүз қырық төрт мың7:4 Он екі рет он екі мыңның көбейтіндісі болған осы сан — тұтастықтың белгісі, ол Құдайдың бүтін халқын білдіреді (Түсіндірмедегі «Сандардың астарлы мағынасын» да қараңыз). екенін естідім; олар Исраилдің7:4 Ғұламалар бұл жердегі «Исраил» сөзін Жаңа Келісім бойынша Құдай халқының құрметті атағы немесе Мәсіхтің тура жолына түскен исраилдіктердің атауы ретінде түсіндіреді (Рим 11:26; Флп 3:3; Ғал 3:26-29; 6:16). барлық руларынан еді. 5-8 Әрбір рудан, яғни Яһуда, Рубен, Ғад, Ашир, Нафталим, Манаса, Шимон, Леуі, Исашар, Забулон, Жүсіп және Бунямин руларынан он екі мыңнан адамға таңба салынды.
Құдай алдында ақталғандардың орасан зор жиыны
9 Содан соң қарасам, сансыз көп адамдардың ғаламат жиынын көрдім. Олар әрбір ұлт, ру, халық және тілден шығып,7:9 (5:9; 14:6; Мар 13:10) Немесе: әр ұлт, тайпа, халық және тілден шығып. тақ пен Тоқтының алдында ақ шапан киіп,7:9 3:4; 6:11; 7:13. қолдарына пальма бұтақшаларын ұстап тұр екен. 10 Жиналғандар қатты дауыспен былай деп мақтау айтты:
— Құтқарылу тақта отырған Құдайымыз бен Тоқтының билігінде!
11 Барлық періштелер де, ақсақалдар мен төрт нөкер де тақты айналдыра тұрды. Олар тақтың алдында жерге бас ұра жығылып Құдайды былай деп даңқтады:
12 — Аумин. Дәріптеу, ұлылық және даналық,
Шүкірлік, құрмет, құдірет пен билік
Біздің Құдайға арналған мәңгілік!
Аумин.
13 Мұнан кейін ақсақалдардың бірі маған:
— Ақ шапан киген мына адамдар кімдер, олар қайдан келді? — деген сұрақ қойды.
14 — Мырзам, өзіңіз білесіз ғой, — деп жауап бердім. Ол маған былай деп түсіндірді:
— Бұлар — зор қудалану кезеңінен7:14 Яки: қиын-қыстау кезеңнен; ауыр азапталу кезеңінен (2:9-10; Мат 24:9,21,29; Мар 13:19-24). өткендер. Олар шапандарын Тоқтының төгілген қанымен «жуып» аппақ қылды.7:14 Аппақ киімдері Мәсіхтің құрбандық өліміне сенушілердің күнәдан арылып, тазарғандығын бейнелейді (1:5; 22:14).15 Сондықтан олар Құдайдың тағының алдында тұрып, Оған күні-түні киелі үйінде қызмет етеді. Тақта отырған Құдай олардың арасында бірге тұрып, баспана болады.7:15 Яки: олардың үстінен шатырын тігеді (Леу 26:11-12).16 Енді ешқашан да соларды аштық пен шөл азабы қинамайды, күннің аптабы7:16 Немесе: күн мен шөл даланың аптабы (Иш 49:10). да күйдірмейді. 17 Себебі тақтың ортасындағы Тоқты олардың Бағушысы болып, «тірі судың» бұлақтарына7:17 Жох 4:10,14; 7:38-39; 10:11; Жыр 22:1-3. жетелейді. Құдай солардың барлық көз жастарын сүртіп тастап жұбатады.7:17 21:4.