Жаратқан Иені мадақтау
1 Бұлардан кейін мен жиналған көптеген халықтың айқайындай көктен шыққан зор дауыстарды естідім.19:1 11:15; 19:6; Ерм 51:48. Олар былай деді:
«Жаратқан Иені мадақтаңдар!19:1 Немесе: Халелуя; яки: Хәлелуя (Жыр 103:35; 150:6). Құтқару мен салтанатты ұлылық, құдірет пен билік Құдайымызда! 2 Оның үкімдері шынайы да әділ. Ол азғындығымен жер бетін бүлдірген аты шулы опасыз әйелді соттап, үкімін шығарды. Құдай өз қызметшілерінің төгілген қанының құнын одан талап етті».
3 Сол дауыстар тағы да былай деп айқайлады: «Жаратқан Иені мадақтаңдар! Өртенген қаланың түтіні мәңгі шығып жатпақ!»19:3 14:1; Иш 24:10.