Pular para o conteúdo
Publicidade

Аян 19

Жеңімпаз Мәсіхтің көрініп, қас жауларын құртуы

11 Мұнан соң қарағанымда, көктің ашылғанын және сонда тұрған ақ боз атты көрдім; оның үстінде Отырған «Адал да Ақиқат»19:11 1:5; 3:7,14; Жох 14:6. деп аталады. Ол әділдікпен үкім кесіп, соғысқа шығады. 12 Атқа мінгеннің көздері оттай жалындап, басына киген әлденеше патшалық тәждері болды.19:12 Немесе: әлденеше диадемалар (яки шалмалар) болды. (Олар Мәсіхтің барлық елдерге билік жүргізуін бейнелейді: 17:14; 19:16.) Оның киімінде Өзінен басқа ешкім де мағынасын біле алмайтын бір Есім жазылған еді, 13 ал жамылғысы қанға батқан екен.19:13 Мәсіх өз қанын төгіп, шайтан мен оның жақтаушыларын жеңіп шыққан болатын (5:5-6,9; 14:20; Иш 63:3; Жох 12:31; 16:11). Енді Ол жауларына Құдайдың әділ үкімін жүзеге асыруға келе жатыр (14:20; Иш 63:3). Оның бір атағы: «Құдай Сөзі».19:13 Жох 1:1-3,14; Жох1 1:1.14 Ақ боз атқа мініп, кіршіксіз таза ақ бәтес жамылғы киген көктің әскерлері Оның соңынан еріп жүрді. 15 Аттылының аузынан шығып тұрған, халықтарды шауып тастайтын өткір семсері бар екен. Ол халықтарға қатаңдықпен билік жүргізетін болады.19:15 (2:27; Жыр 2:9) Немесе: Ол халықтарды темір асатаяғымен бағатын болады. Жүзімді қысып таптағанда шырынының ағып шығатыны сияқты, Ол құдіреті шексіз Құдайдың қаһарлы ашуын Оған мойынсұнбағандардың үстеріне төккізеді.19:15 14:19-20; Иш 63:3; Жое 3:13.16 Аттылының жамылғысының екі жанында: «Патшалардың Патшасы, иелердің Иесі»19:16 17:14. деген атағы да жазылған.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também