Сардтағы қауымға арналған сәлемхат
1 Сардтағы3:1 (1:1) Ежелгі Лүдия патшалығының астанасы болған Сард қаласы өте бай еді. Қазіргі аты — Сарт. қауымның періштесіне былай деп жаз:
Бұл — Өзінде Құдайдың жеті Рухы3:1 1:4. әрі жеті жұлдызы3:1 1:16. Бардан хабар.
Мен сенің істеріңді білемін; жұрт сені тірі деп санағанмен (рухани) өлісің. 2 Оян! Өзіңде әлі де бар, бірақ жуырда өлмекші игі қасиеттеріңді нығайт!3:2 Немесе: Сергек бол! (Айналаңдағы рухани) өлетін басқаларға (Құдайдың) қайта тірілтетін құдіретін жеткізе гөр. Себебі сенің істеріңді Құдайымның көз алдында жеткіліксіз деп таптым.