10 Біліп алыңдар, Жаратушы Тәңір Ие жуырда зор құдіретімен келіп, билікті өз қолына алады. Жеңісінің олжасы мен сыйы Оның қасында: азат еткен халқы алдында жүреді.40:10 Құдай жау еліне жер аударылған халқын өз отанына қайтадан бастап алып келеді (40:11; 52:7-10; 61:1,4; 62:11).11 Тәңір Ие оларды ізгі шопандай бағады: «қозыларын» қолына алып, кеудесіне басып көтеріп, «саулықтарын» жайлап алға бастап жүреді.40:11 49:9-10; Езк 34:12-14,16,31.
Publicidade