Парсы патшасы Кир — Құдайдың қолындағы құрал
1 Мен, Жаратқан Ие, Өзім тағайындаған Кир патшаны оң қолынан сүйемелдеп, оған халықтарды бағындырамын.45:1 41:2,25; Езр 1:1. Оның алдынан есіктерін ашып, қала қақпаларын жапқызбау үшін елдердің патшаларының сауыт-саймандарын шештіріп тастаймын.45:1 Немесе: белдіктерін (яғни беделдері мен күш-қуаттарының белгісін) шештіріп тастаймын. Кир патшаға былай деймін: