Pular para o conteúdo
Publicidade

Ишая 53

1 Біздің хабарымызға азғана кісілер сенді! Жаратқан Иенің құдіретті күші кімге ашық көрсетілді?53:1 Немесе: Жаратқан Иенің құдіретті қолы кімге көрсетілді? (40:5,10; 51:5,9; 52:10)2 Қызметшісі Құдай алдында жас көшеттей, құрғақ жерден шыққан жас өркендей53:2 (7:14; 11:1) Яки: жас өскіндей. өсіп шықты. Оның біз таңырқап қарайтындай ажары мен келбеті немесе бізге ұнайтындай ұсқыны жоқ еді.53:2 52:14.3 Оны адамдар менсінбей, жалғыз қалдырды. Ол ауыр азап көріп, көп қасірет шегіп, жұрт бетін бұрып әкететіндей жиренішті болды. Оны біз де53:3 49:7; Жыр 68:10,19-20. бағалаған жоқпыз.

4 Шынында Құдайдың Қызметшісі біздің қасіретімізді Өзіне алды, біздің ауруларымызды өз мойнымен көтерді.53:4 53:5-6,10-12; 1:4-6. Оның ұрылып, азап шегуін Құдай бұйырған жаза деп ойладық! 5 Алайда Құдайдың Қызметшісі біздің күнәларымыз үшін түйреліп, біздің әділетсіз істеріміз үшін құртылды. Оның тартқан жазасы бізге амандық пен тыныштық әкелді. Оның жараларының арқасында біз (рухани дертімізден) сауықтық. 6 Барлығымыз адасқан қойлардай тентіреп, өз бетімізбен жүрдік. Ал Жаратқан Ие бәріміздің күнәларымызды Қызметшісінің мойнына артты.

7 Ол зорлық көріп қиналды, алайда аузын ашпады. Оны тоқты сияқты сойылатын жерге алып барды.53:7 Мыс 12:3,6-7,13; Жох 1:29; Пет1 1:18-19. Ол қырқылып жатқанда үні шықпайтын қой секілді тіс жармады. 8 Оны жәбірлеп,53:8 Немесе: бұғаулап. әділетсіз соттап, өлтіруге алып кетті. Оның замандастарынан кім мынаны ойлады:53:8 Немесе: Оның ұрпақтары туралы кім ойлаған еді (яки: кім айтып бере алады)? (Көне грекше Септуагинта аудармасы бойынша.) Ол халқымның күнәларына бола азапталып, бұ дүниеден аластатылды. 9 Оның моласы қылмыскерлер қорымында белгіленгенмен, мәйіті бай адамның қабіріне қойылды. Өйткені Ол ешқандай күнә53:9 Яки: қылмыс, жауыздық. жасаған да емес, аузынан бірде-бір өтірік шыққан да емес.

10 Алайда Жаратқан Иенің Қызметшісі Оның еркімен азап шегіп құртылды. Ол өз жанын айыпты өтейтін құрбандық53:10 Леу 5:15. еткен соң, өз үрім-бұтағын көріп, ғұмыры ұзақ болады.53:10 Жыр 15:9-11; 21:30-31. Қызметшісінің арқасында Жаратқан Иенің еркі жүзеге асады.

11 Әділ Қызметшім «жан азабының нәтижесіне қарап53:11 Немесе: Әділ Қызметшім жаны азап шеккеннен кейін (қайтадан) жарық көріп. қанағаттанатын болады. Оны көп адамдар танып мойындап, ақталады.53:11 Немесе: Әділ Қызметшім өз басынан өткізгендері (яки: Өзінің білімі) арқылы көп адамдарды ақтайды (53:4-6). Ол солардың күнәларын өз мойнына алады. 12 Оған сол себептен көптеген адамдарды табыс етемін. Ол билік иелерін де олжалайды.53:12 Немесе: Оған ұлықтардың арасынан орын беремін. Ол билік иелерімен бірге олжаны бөлісетін болады (Рим 8:17). Себебі Қызметшім жанын өлімге қиып, қылмыскерлердің қатарында саналды. Ол бірақ көптеген адамдардың күнәларын өз мойнына алып, қылмыскерлердің кешірілуі үшін ара түсті».

Todos os capítulos de Ишая 66
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.