Pular para o conteúdo
Publicidade

Ишая 53

1 Біздің хабарымызға азғана кісілер сенді! Жаратқан Иенің құдіретті күші кімге ашық көрсетілді?53:1 Немесе: Жаратқан Иенің құдіретті қолы кімге көрсетілді? (40:5,10; 51:5,9; 52:10)2 Қызметшісі Құдай алдында жас көшеттей, құрғақ жерден шыққан жас өркендей53:2 (7:14; 11:1) Яки: жас өскіндей. өсіп шықты. Оның біз таңырқап қарайтындай ажары мен келбеті немесе бізге ұнайтындай ұсқыны жоқ еді.53:2 52:14.3 Оны адамдар менсінбей, жалғыз қалдырды. Ол ауыр азап көріп, көп қасірет шегіп, жұрт бетін бұрып әкететіндей жиренішті болды. Оны біз де53:3 49:7; Жыр 68:10,19-20. бағалаған жоқпыз.

4 Шынында Құдайдың Қызметшісі біздің қасіретімізді Өзіне алды, біздің ауруларымызды өз мойнымен көтерді.53:4 53:5-6,10-12; 1:4-6. Оның ұрылып, азап шегуін Құдай бұйырған жаза деп ойладық! 5 Алайда Құдайдың Қызметшісі біздің күнәларымыз үшін түйреліп, біздің әділетсіз істеріміз үшін құртылды. Оның тартқан жазасы бізге амандық пен тыныштық әкелді. Оның жараларының арқасында біз (рухани дертімізден) сауықтық. 6 Барлығымыз адасқан қойлардай тентіреп, өз бетімізбен жүрдік. Ал Жаратқан Ие бәріміздің күнәларымызды Қызметшісінің мойнына артты.

7 Ол зорлық көріп қиналды, алайда аузын ашпады. Оны тоқты сияқты сойылатын жерге алып барды.53:7 Мыс 12:3,6-7,13; Жох 1:29; Пет1 1:18-19. Ол қырқылып жатқанда үні шықпайтын қой секілді тіс жармады. 8 Оны жәбірлеп,53:8 Немесе: бұғаулап. әділетсіз соттап, өлтіруге алып кетті. Оның замандастарынан кім мынаны ойлады:53:8 Немесе: Оның ұрпақтары туралы кім ойлаған еді (яки: кім айтып бере алады)? (Көне грекше Септуагинта аудармасы бойынша.) Ол халқымның күнәларына бола азапталып, бұ дүниеден аластатылды. 9 Оның моласы қылмыскерлер қорымында белгіленгенмен, мәйіті бай адамның қабіріне қойылды. Өйткені Ол ешқандай күнә53:9 Яки: қылмыс, жауыздық. жасаған да емес, аузынан бірде-бір өтірік шыққан да емес.

10 Алайда Жаратқан Иенің Қызметшісі Оның еркімен азап шегіп құртылды. Ол өз жанын айыпты өтейтін құрбандық53:10 Леу 5:15. еткен соң, өз үрім-бұтағын көріп, ғұмыры ұзақ болады.53:10 Жыр 15:9-11; 21:30-31. Қызметшісінің арқасында Жаратқан Иенің еркі жүзеге асады.

11 Әділ Қызметшім «жан азабының нәтижесіне қарап53:11 Немесе: Әділ Қызметшім жаны азап шеккеннен кейін (қайтадан) жарық көріп. қанағаттанатын болады. Оны көп адамдар танып мойындап, ақталады.53:11 Немесе: Әділ Қызметшім өз басынан өткізгендері (яки: Өзінің білімі) арқылы көп адамдарды ақтайды (53:4-6). Ол солардың күнәларын өз мойнына алады. 12 Оған сол себептен көптеген адамдарды табыс етемін. Ол билік иелерін де олжалайды.53:12 Немесе: Оған ұлықтардың арасынан орын беремін. Ол билік иелерімен бірге олжаны бөлісетін болады (Рим 8:17). Себебі Қызметшім жанын өлімге қиып, қылмыскерлердің қатарында саналды. Ол бірақ көптеген адамдардың күнәларын өз мойнына алып, қылмыскерлердің кешірілуі үшін ара түсті».

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também