Pular para o conteúdo
Publicidade

Ишая 55

Мұқтаждарды игілікті өмірді иемденуге шақыру

1 «Ей, шөлдегендер, бәрің су көздеріне келіңдер! Ақшасы жоқтар да, келіп, тамақ алып жеңдер! Иә, келіп, шырын55:1 Яки: шарап. (Сол заманда әдеттегі шарап қымызға ұқсас құрамында алкоголь аз болатын. Жұрт оны тамақпен бірге ішетін.) мен сүтті ақша төлемей-ақ тегін алыңдар! 2 Нәрсіз тамақ үшін неге ақша төлейсіңдер? Өздеріңді қанағат қылмайтын нәрселер үшін неге еңбек етесіңдер? Мені мұқият тыңдап, рухани нәрді қабылдаңдар, ағыл-тегіл жақсылықтан жан рақатын табыңдар! 3 Маған жақындап, айтқандарыма құлақ түріңдер! Сонда шынайы өмірге ие боласыңдар. Сендермен мәңгілік Келісім жасамақпын. Кезінде Дәуітке уәде еткен мызғымас рақымымды енді өздеріңе көрсетпекпін.55:3 9:7; 54:10; Пат2 7:4-16.4 Еске алыңдар, Мен Дәуіт55:4 Яки: Дәуіттің ұрпағы (42:6; 49:6; Пат1 13:14; 25:30). арқылы халықтарға құдіретімді паш еттім, Дәуітті соларға көсем әрі билеуші болуға тағайындадым. 5 Сион, сен де бұрын білмеген халықтарды шақырасың. Өзіңді танымаған ұлттар саған келуге асығатын болады.55:5 2:2-4; 45:14. Себебі Мен, сенің Құдайың Жаратқан Ие, Исраилдің Киелі Құдайы, осыларды іске асырып, сені салтанатты ұлылыққа бөлемекпін». 6 Әлі кеш болмай тұрғанда Жаратқан Иеге бет бұрып, мойынсұныңдар! Иеміз құлақ салуға дайын тұрған осы кезде Оған сиынып жалбарыныңдар!

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também