Pular para o conteúdo
Publicidade

Ишая 58

3 «Біз ораза ұстап едік, Сен неге көз салмадың? Саған бой ұсынған едік,58:3 (Шеж2 7:14) Немесе: жанымызды соншама қинаған едік. Сен неге байқамадың?»

(Бұған Менің жауабым мынадай:) «Ораза тұтқан күндеріңнің өзінде сендер қалағандарыңды істеп, тіпті бейшара жұмысшыларыңды қанайсыңдар! 4 Оразаларыңның аяғы ұрыс-талас, зұлым төбелеспен бітеді. Мұндай оразаларың мінажаттарыңды көкке жеткізбейді.58:4 1:15; 59:2.5 Әлде пенденің кішіпейіл болғансып, басын қоғадай иіп, қайғы шеккен азалы жандай көрінген күнін58:5 Немесе: басын қамыстай иіп, азалы киім киіп күлге жайғасып отырған күнін. Маған ұнайтындай ораза деп ойлайсыңдар ма? Осындай әрекетті шынымен ораза әрі Жаратқан Иені риза қылатын күн деп атауға бола ма?!

6 Жоқ, Маған ұнайтын ораза мынадай: зұлымдықпен бұғауланғандардың кісендерін үзіп, құлдықтың шынжырларын шешу және зорлық көріп жатқандарды азат етіп, езгі атаулыны жойып жоқ қылу!58:6 9:4; 61:1; Ерм 34:9.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também