9 Сонда Тәңір Ие маған былай деп бұйырды:
— Осы халыққа барып, мына хабарды жеткіз: «Естіп тұрыңдар, бәрібір түсінбейсіңдер, көріп тұрыңдар, бәрібір аңғармайсыңдар!» 10 Бұл халықтың жүректерін6:10 Яки: Бұл халықтың ақыл-санасын. (Осы жерде жүрек адамның маңызды шешімдерді қабылдайтын мүшесі ретінде берілген.) қасарысқан сезімсіз, құлақтарын керең, көздерін соқыр қыл! Әйтпесе олар көздерімен көріп, құлақтарымен естіп, жүректерімен ұғынып, теріс жолдарынан қайтып, рухани дертінен сауығар еді.