Pular para o conteúdo
Publicidade

Ишая 61

Азап шеккендерге ізгі хабар

1 — Маған Жаратушы Тәңір Ие Өзінің Рухын қондырды.61:1 11:1-5; 42:1-7. Жаратқан Ие мені жарлыларға ізгі хабар жеткізуге және жаралы жүректерді жұбатып орнықтыруға тағайындады, сондай-ақ тұтқындарға босатылатындарын, бұғаудағыларға азат болатындарын61:1 Немесе: соқырларға көздерінің ашылатынын (көне грек аудармасына сай). жар салуға жіберді. 2 Мені Құдай Иеміз Өзінің кешірім беретін мейірімділік жылын әрі жауларына лайықты жазаларын тартқызатын кезін61:2 (59:17) Немесе: әрі жауларынан кек алатын кезін. жариялауға жұмсап, қайғырып жүргендердің бәрін жұбатуға да жіберді. 3 Маған Сион қаласындағы жоқтап жүргендердің бастарына шашқан күл орнына әшекейлі тәж кигізіп, жұпар иісмай жағып, қайғыларын қуанышпен алмастыруды тапсырды.61:3 Басына күл шашу және күл шашылған тақыр жерде отыру — қайғырудың, ал шашына жұпар иісмай жағу — қуанудың белгісі болатын (58:5; Жүн 3:5-9; Мат 11:21; Жыр 22:5). Үміттері үзіліп, көңілдерін мұң шалғандар енді мадақтау әндерін шырқап, шаттыққа бөленетін болады.

Сонда олар «Жаратқан Иенің Өзі отырғызған мықты ағаштары» деп аталады, әрі Оның алдында ақталған, әділдік істеп, салтанатты ұлылығын паш ететін халқы болады.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também