Pular para o conteúdo
Publicidade

Аян 22

Жаңа пейіштегі өмір суының қайнар көзі

1 Періште маған Құдай мен Тоқтының тағынан бастау алған мөлдір тастай жылтылдаған өмір суының өзенін де көрсетті.22:1 7:17; 21:6; Жар 2:10; Езк 47:1-5,8-9.2 Ол қала көшесінің ортасымен төменге қарай ағады. Өзеннің әр жағасында өсіп тұрған мәңгілік өмірді сыйлайтын ағаш22:2 2:7; 22:14; Жар 2:9; 3:22-24; Езк 47:7,12. ай сайын, жылына он екі рет, жеміс береді. Ал жапырақтары халықтарды сауықтыруға арналған.22:2 Ош 14:4; Мал 4:2; Лұқ 4:18.3 Қарғалған22:3 Жар 3:14-19. еш нәрсе де осы қаладан табылмайды. Құдай мен Тоқтының отырған тағы22:3 Осы тақ диван сияқты кең болып суреттелген (3:21). қаланың ішінде. Құдайдың қызметшілері Оған бас ұра қызмет етіп,22:3 7:15.4 Оның бет-жүзін көретін болады. Маңдайларында Оның есімі жазылып тұрмақ.22:4 3:12; 14:1.5 Енді ешқашан түн болмайды. Оларға шам-шырақ пен күн сәулесінің қажеті жоқ, себебі Құдай Иенің нұры түсіп тұрады. Олар мәңгі патшалық құрмақ.22:5 3:21; 11:15; Дан 7:18,27; Тім2 2:12.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também