Pular para o conteúdo
Publicidade

Ишая 12

Құтқарылғандардың Жаратқан Иені мадақтау жыры

1 Сол кезде мынадай ән-жыр айтатын боласың:

«Уа, Жаратқан Ием, Сені мадақтаймын!

Маған ашуланған едің, ал сосын

Қаһарыңды басып, мені жұбаттың.

2 Сөз жоқ, тек Құдай менің Құтқарушым!

Оған сеніп, қорықпаймын да енді,

Жаратқан Ие — күш-қуатымның көзі,

Айтатын жырым Тәңір Ием жайлы,

Ол адал Құтқарушым болып келеді!»

3 Құтқарылудың қайнар көздерінен

Су ала бересіңдер қуанышпен.12:3 Яки: Шөлдегенге таза судың ләззәт әкелетініндей, сендер Құдайдың өздеріңді құтқарып, қолдап-қорғап жүргеніне керемет шаттанасыңдар (12:2; Жыр 50:14).

4 Сол кезде былай дейтін боласыңдар:

«Жаратқан Иеге шүкірлік етіп,

Есімін атап Оған сиыныңдар,

Әділ істерін ұлттарға білдіріп,

Есімінің ұлылығын хабарлаңдар!

5 Жаратқан Иеге арнап ән шырқаңдар,

Ол ұлы кереметтерді істеді,

Осыны білсін жер жүзінің бәрі!

6 Уа, Сионның халқы, масаттаныңдар,

Дауыстап қалықтата ән салыңдар:

Исраил сиынған Киелі Құдай

Енді өздеріңнің араларыңда

Бөленеді салтанатты ұлылыққа!»12:6 Яки: Исраил сиынған Киелі Құдай шексіз ұлы! Оның жер бетіндегі тұрағы (киелі үйі) сендердің араларыңда.

Todos os capítulos de Ишая 66
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.