Pular para o conteúdo
Publicidade

Ишая 43

Құдайдың Исраил халқын құтқаруға берген уәдесі

1 Ал енді, Жақыптың үрім-бұтағы, Исраил халқы, сені жаратып қалыптастырған Тәңір Ие мынаны айтады: «Қорықпа, Мен сені құныңды төлеп құтқарып алдым. Сені өз атыңмен шақырдым: Сен Мендіксің!43:1 44:5; Мыс 19:5-6; Заң 32:9; Зәк 13:9; Мал 3:17.2 Судан өткен кезіңде саған жар боламын, өзендерден өткенде батып кетпейсің. Отты жарып өтсең, күйіп қалмайсың, тіпті жалыны да шарпымайды. 3 Себебі Мен сенің Құдайың Жаратқан Иемін, Мен, Исраил сиынған Киелі Құдай, Құтқарушыңмын! Сенің құның үшін Мысырды беріп, Құш43:3 Құш: Оңтүстік Мысырдан солтүстік Ефиопияға дейін созылған ежелгі ел (11:1; 18:1-2). пен Себаны43:3 Себа: Құш еліне жақын орналасқан аймақ (45:14). Парсы әскері Мысыр, Құш және Себаны басып алды. Бұл жеңіс парсы патшасының Исраилге көрсеткен мейірімділігі үшін Құдайдың оған берген сыйы яки «төлемі» болса керек (41:2; Шеж2 36:22-23). да төлемің еттім.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também