Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 104

Уәдесіне берік Жаратқан Иені мадақтау

1 Жаратқан Иеге мақтау айтыңдар,

Оның есімін атап сиыныңдар,

Ұлы істерін халықтарға хабарлаңдар!

2 Иемізге ән салып, Оны мадақтаңдар,

Барлық кереметтерін паш қылыңдар,

3 Оның киелі атымен мақтаныңдар,

Жаратқанға сиынатын сендер, шаттаныңдар!

4 Иемізге әрі құдіретіне ден қойыңдар,

Дәйім Оның еркін білуге ұмтылыңдар!104:4 Яки: Әрдайым Оның бет-жүзіне қарай бұрылып, Оған сиыныңдар.

5 Ұмытпаңдар Оның жасаған кереметтерін,

Ғажап істері мен шығарған шешімдерін,

6 Уа, Оның құлы Ыбырайымның ұрпақтары,

Жақыптан тарағандар, таңдаулы адамдары!

7 Ол — біздің Құдайымыз, Жаратқан Ие,

Бүкіл әлемге Өзі билік жүргізуде.104:7 Немесе: Бүкіл елімізде Оның әділ шешімдері көрінуде (Иш 26:9).

8 Мәңгі есінде сақтайды Ол өз Келісімін,

Келер мың буынға да бұйырған өсиеттерін —

9 Ыбырайыммен жасаған Келісімін,

Ысқаққа да антпен берген сол уәдесін,104:9 Жар 12:6-7; 13:14-17; 15:18-21; 22:15-18; 26:2-5.

10 Жақыпқа оны ереже қылып бекітті,

Исраил үшін тұрақты Келісім етті.104:10 Жар 28:12-15; 32:28-30; 35:9-12.

11 «Мұралық үлесің етіп беремін саған

Қанахан елін» деді сонда Жаратқан.

12 Сол кезде бұл әулет әлі де аз болатын,

Азғана кірме болып сонда тұратын.

13 Олар елден елге көшіп-қонатын,

Патшалықтарды аралап орнығатын.

14 Ал Құдай ешкімге соларды жәбірлетпеді,

Олар жайлы патшаларға қатаң ескертті:

15 «Тағайындағандарыма104:15 Яки: Май жағу рәсімінен өткен адамдарыма (яғни Құдайдың діни қызметкерлеріне әрі патшаларына) (Түсіндірмені қараңыз). еш тиіспеңдер,

Пайғамбарларыма зұлымдық істемеңдер!»104:15 Жар 20:7; 26:11,28-29; 28:13-15; 31:29.

16 Тәңір Ие ашаршылық жіберді елге,

Талқандап тамақ қорының бәрін де.

17 Алдарынан шығарды Ол бір жігітті,

Мысырға құлдыққа сатылған Жүсіпті.104:17 Жар 37:28,36.

18,19 Тәңірдің сөзі оның мінезін сынап болғанша,

Алдын ала айтқандары орындалғанша,

Жүсіптің аяқтары қысылып бұғауланды,

Мойнына оның темір құрсау салынды.

20 Патша сонда адам жұмсап, Жүсіпті босатты,

Халықтардың билеушісі оны азат етті,

21 Тіпті өз сарайының басқарушысы қылды,

Жүсіпке бар иелігін басқартып қойды,

22 Төрелерінің үстінен оның бұйрығын жүргізді,

Жүсіпке басшыларын даналыққа үйреткізді.104:22 Жар 39:1,19-20; 41:14-16,38-41,44.

23 Содан кейін Исраил Мысырға көшті,

Жақып жат жерлік боп Хам елінде қоныс тепті,104:23 (Жар 46:6) Ежелгі мысырлықтар Хамның ұрпақтары болып саналған (77:51; Жар 10:6). Исраил — Жақыптың қосымша аты (Жар 32:28).

24 Жаратқан Ие сонда халқын өсімтал етті,

Оның санын дұшпанынан басым етті,

25 Ол Мысырға Исраил халқын жек көргізді,

Өзінің құлдарына қарсы сұмдық жасатқызды.

26 Иеміз қызметшісі Мұсаны жолдады,

Сондай-ақ Өзі таңдап алған Һаронды.

27 Бұлар Жаратқан Иенің ғажап істерін —

Хам елі Мысырда Оның мына кереметтерін

Халық арасында іске асырып көрсетті:

28 Тәңір Ие қараңғы түсіріп түнек етті елді,

Себебі Мысыр Оның сөзіне бағынбай келді.

29 Елдің суларын Ол қанға айналдырды,

Ондағы балықтарды құртып жоқ қылды,

30 Мысырдың жерін қаптап кетті құрбақалар,

Патшаның бөлмесін де жайлап алды олар.

31 Иеміз айтқанда шыбын-шіркей құжынады,

Әрі масалар да бүкіл елді қаптады.

32 Жаратқан жаңбырды бұршақпен ауыстырды,

Найзағайдың отын жерге жаудырды.

33 Жүзім мен інжір ағаштарын құлатты,

Елдегі бар ағаштарды қиратты.

34 Иеміз айтқанда шегірткелер қаптады,

Сансыз көп шегіртке құрттары құжынады,

35 Жердің жасыл шөбінен түк қалдырмады,

Егіндіктегі бар астықты жалмады.

36 Ақыры Ол елдегі бар тұңғышты өлтірді,

Мысырлықтардың мақтанышы104:36 (Мыс 12:29) Немесе: Бар күштерінің алғашқы өнімі. солар еді.

37 Жаратқан Ие Мысырдан халықты

Сыйға алған алтын-күміспен алып шықты,

Руларындағы біреу де шаршап-шалдықпады.

38 Халық кеткенде мысырлықтар қуанды,

Өйткені қорқыныш биледі оларды.

39 Жаратқан Исраилді бұлтпен жапты,

Түнде от оларға сәулесін шашты.

40 Халық ет сұрағанда Ол бөденелер жіберді,

Аспаннан түскен нанмен тойындырды,

41 Жартасты жарып, содан су ағызды,

Су шөлді жерлермен өзендей сарқырады.

42 Себебі Жаратқан киелі сертін ескерді,

Қызметшісі Ыбырайымға соны берген еді.

43 Осылай Ол алып шықты халқын шаттықпен,

Таңдап алған адамдарын зор қуанышпен,

44 Өзге ұлттардың жерін оларға берді,

Бөтен халықтың еңбегін де иемдендірді,

45 Енді Оның халқы жарлықтарын орындасын,

Заңдарын да ұдайы берік сақтасын.

Лайым Жаратқан Ие мадақталсын!

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.