Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 119

Айлакер өтірікшілерден қиналған жанның мінажаты

1 (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)

Мүшкіл халімде Иеме жалбарындым,

Ол мінажатыма түрді құлағын.

2 Құтқара көрші мені,119:2 Немесе: Құтқара гөр жанымды. уа, Жаратқан,

Айлалы тіл мен өтірікші ауыздан.

3 Ісіңнің қарымтасын, ей, айлакер жан,

Саған қанша қылып қайтарар Жаратқан:

4 Тартар жазаң сарбаздың өткір оғындай,

Әрі жанған ағаш көмірінің шоғындай.

5 Алыс Мешехте кірме болып тұрған,

Қидар шөлінде119:5 Мешех — Анадолуда, ал Қидар — Арабия шөл даласында орналасқан аймақтар (Ән 1:4; Иш 21:16-17; 42:11; Ерм 49:28). Екеуі де Жаратқан Иенің сол заманғы Иерусалимдегі киелі үйінен өте қашықта. шатыр маңында қонған

Сияқты сорлы басымды қайғы басқан!

6 Ынтымақты ұнатпайтындармен

Ұзақ уақыт бірге тұрып келемін,

7 Татулықты сүйетін жанмын мен,

Ал олар таласпақшы, бұл жайлы сөйлесем.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também