Жаратқан Иені үздіксіз мадақтаңдар!
1 (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)
«Уа, Жаратқанның бар қызметшілері,
Иемізді дәріптей беріңдер!
Сендер Құдайдың киелі үйінде
Түн кезінде қызмет көрсетесіңдер:
2 Киелі орнына қарай қол жайып133:2 Немесе: Кінәратсыз қасиетті қолдарыңды жайып (Тім1 2:8).
Иемізді мадақтай беріңдер!»
3 «Көк пен жерді жаратқан Тәңір Иеміз саған
Лайым төксін батасын Сиондағы орнынан!»