Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 144

Шапағатты да ұлы Құдайды мадақтау

1 (Дәуіттің мадақтау жыры.)

Уа, Құдайым, Патшасың, даңқыңды асырамын,

Атыңды мәңгілік жоғарылатамын.

2 Күн сайын Сені дәріптейтін боламын,

Атыңды мәңгілік құрмет тұтамын.

3 Жаратқан Ие ұлы, мадаққа лайықты,

Ұлылығын ешкім жете ұғынбайды.

4 Ұрпақтан ұрпаққа жұрт істеріңді мақтайды,

Құдіретті әрекеттеріңді жариялайды,

5 Сенің керемет ұлы салтанатың

Әрі ғажап істерің жайлы толғанамын.

6 Жұрт айтады айбарлы құдіретіңді,

Мен де паш етемін ұлылығыңды,

7 Бәрі ескереді зор ізгілігіңді,

Ән-жырмен дәріптейді әділдігіңді.

8 Жаратқан мейірбанды да қайырымды,

Тез қаһарланбайтын, өте мейірімді!

9 Жаратқан Ие барлығына ізгілікті,

Бүкіл жаратылысына кең пейілді.

10 Уа, Ием, бар істерің даңқыңды шығарсын,

Адал адамдарың да Сені мадақтасын!

11 Патшалығыңның даңқын олар асырады,

Құдіретті істерің туралы айтады,

12 Осылай адамзатқа құдіретіңді ұқтырсын

Әрі Патшалығыңның даңқты ұлылығын.

13 Патшалығың Сенің мәңгілік болмақ,

Ұрпақтан ұрпаққа билігің ұласпақ.

Жаратқан бар сөздерін іске асырады,

Оның күллі істері де шапағатты.144:13 Немесе: қасиетті.

14 Сүрініп жатқандарды Жаратқан сүйейді,

Еңкейіп жүргендерді көтеріп демейді.

15 Барлығының көздері бір Өзіңде,

Тамақтарын бересің мезгілінде,

16 Әр тірі жанға қолыңды ашасың,

Мархабатпен барлығын тойындырасың.

17 Жаратқанның бар жолдары әділетті,

Иә, Оның күллі істері игілікті:

18 Иеміз Өзіне сиынғандардың жанында,

Ол шынайы шақырғандардың қасында,

19 Өзін қастерлейтіннің тілегін орындайды,

Жалынышын естіп, оны аман сақтайды.

20 Иеміз Өзін сүйетіндердің бәрін қорғайды,

Ал барлық зұлымдарды Ол талқандайды.

21 Аузыммен Жаратқанның даңқын асырамын,

Лайым әрбір жан мақтасын киелі атын!

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.