Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 15

Игілік атаулының бастауы — Құдайға деген сенім

1 (Дәуіттің насихат мінажаты.)

Уа, Құдайым, сақтай гөр Өзің мені,

Баспана етемін жалғыз Сені!

2 Жаратқанға былай деймін: «Сен Иемсің,

Сенен бөлек жоқ ешбір игілігім!»15:2 Немесе: «Менің ешқандай игілігім Сенің алдыңа жете алмайды».

3 Ұлы жандар — Саған бағышталғандар,

Маған өте ұнайды елде олар.15:3 Немесе: Жер бетіндегі қасиетті әрі ғажап адамдарыңды қатты сағынамын.

4 Ал бөтен тәңірлердің жолын қуғандар:

Қасіретке молынан ұшырамақ олар.

Тәңірсымақтарға құрбандық шалмаймын,

Олардың аттарын аузыма еш алмаймын.

5 Уа, Ием, маған жар болып келесің,15:5 Немесе: Жаратқан Ие — үлесіме тиген мұрам. (Ежелде уәделі елге қоныстанған халықтың әрбір отбасына жер үлестірілгеніндей, әр сенуші Құдаймен тығыз қарым-қатынасын өзінің рухани үлесі және мұрасы деп санай алады: Жыр 72:25-26; Жоқт 3:27.)

Жарылқап мені амандық бересің,15:5 Немесе: әрі менің тостағаным. (Үй иесінің қонағына сергітетін сусын ұсынатыны сияқты, Құдай да сенушілерге рақымын, амандық пен жарылқауын сыйлайды).

Тағдырым қауіпсіз қолыңда Сенің.

6 Тамаша — маған тиген үлесім,

Қатты ұнайды ғажайып мұрам.15:6 Мұра: яғни Құдаймен тығыз қарым-қатынас және содан шығатын барлық игілік (15:5; Заң 18:2).

7 Даңқтаймын ақыл-кеңес берген Иемді,

Ұжданым түнде де мені ескертеді.

8 Ықылас-ниетім әрдайым Иемде,

Оң жағымда Ол маған жар боп келеді:

Жағдайым шайқалмайды ешбір кезде.

9 Содан жүрегім шаттыққа толады,

Мәз-мейрам болып тілімнен бал тамады,

Саған сенгенімнен тәнім тыншиды.

10 Сен жанымды о дүниеге қимайсың,

Қасиетті адамыңның15:10 Яки: Өзіңе бағышталған адамыңның. тәнін шірітпейсің.

11 Шын өмір жолын маған көрсетесің,

Көз алдыңда қуанышқа бөлейсің,

Оң жағыңда мәңгі игілік бересің.

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.