Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 18

Бүкіл әлемнің Құдайдың ұлылығын жариялауы

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)

2 Құдайдың салтанатты ұлылығын

Аспан әлемі ашық паш етеді,

Оның қолының керемет істерін

Әуе кеңістігі де көрсетеді,18:2 150:1; Жар 1:6-8; Иш 40:22.

3 Осыларды олар жариялайды күнде,

Бұл білімді мәлімдейді әр түнде.

4 Сол «үндерін естімеген» ешбір тіл де,

Ешқандай ұлт та қалмайтын болады.18:4 Немесе: Оларда тіл де жоқ, сөз бен үн де жоқ.

5 «Үндері» жайылады бар жер бетіне,

«Сөздері» жердің шетіне таралады.

Құдай күнді аспанда орналастырған.

6 Күйеу жігіттей бөлмесінен шыққан

Күннің жүзі де қуана нұрланады,

Ол жүйріктей жарысуға құлшынады.

7 Көкжиектің бір шетінен күн шығады,

Келесі шетіне өтіп айналады,

Ештеңе де қызуынан тыс қалмайды.

8 Кемелді — Жаратқанның тағылымдары,18:8 Яки: Жаратқан Иенің тапсырған Таурат заңы.

Жан дүниені олар жаңартады.

Ақиқат — Иеміздің жарлықтары,

Олар наданды да дана қылады.

9 Әрі әділ — Жаратқанның бұйрықтары,

Олар жүрекке қуаныш құяды.

Жаратқанның өсиеттері сондай нұрлы,

Көздерді ашып, жарқыратады.

10 Мойынсұна қастерлеу Жаратқанды:

Осы таза ниет мәңгі қалады.

Жаратқанның шешімдері шынайы,

Барлығы мүлтіксіз де әділетті,

11 Тіл үйірген таза балдан да тәтті,

Алтыннан, саф алтыннан да бағалы.

12 Бұлардан пендең ескерту алады,

Бәрін ұстанғанды зор сый тосады.

13 Кім байқайды өз теріс қылықтарын?

Тазарта гөр, Ием, құпия күнәмнан,

14 Сақтай гөр әдейі күнә жасаудан,

Жамандық жүргізбесін билік маған!

Сонда көз алдыңда мінсіз боламын,

Ауыр күнәлардан да аулақ тұрамын.

15 Лайым менің аузымдағы сөздерім

Әрі жан дүниемдегі ой-ниеттерім

Ұнамды болсын Саған, о, Жаратқаным.

Өзіңсің жартастай мықты Қорғаным

Һәм Құтқарушым, уа, Жаратқан Ием.

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.