3 Саған сүйенген ешкім қалмайды ұятқа,
Ал бекер сатып кеткендер болады масқара.
4 Уа, Ием, ақ жолыңды көрсете гөр,
Еркіңе сәйкес жүруге үйрете гөр,
5 Шындығыңа сай бағыттап, нұсқай гөр.
Себебі Құтқарушы Құдайымсың Сен,
Күні бойы Саған үміт артамын мен.