Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 24

Құдайдан өзін кешіріп, жетелеп, қолдауын тілеу

1 (Дәуіттің жыры.)

Уа, Ием, жанымды Саған бағыштаймын,24:1 Немесе: Саған мінажатым мен үмітімді бағыштаймын.

2 Я, Құдайым, Саған сенім артамын.

Қалдыра көрме мені масқараға,

Әрі жол берме жаудың табасына.

3 Саған сүйенген ешкім қалмайды ұятқа,

Ал бекер сатып кеткендер болады масқара.

4 Уа, Ием, ақ жолыңды көрсете гөр,

Еркіңе сәйкес жүруге үйрете гөр,

5 Шындығыңа сай бағыттап, нұсқай гөр.

Себебі Құтқарушы Құдайымсың Сен,

Күні бойы Саған үміт артамын мен.

6 Уа, Жаратқан Ием, есіңе алшы

Өзің көрсетіп келген ежелден бері

Сарқылмас мейірімің мен рақымыңды.

7 Есіңе алмашы жас күнгі күнәмді,

Кешіре гөр теріс қылықтарымды,

Ескере гөр мейіріміңе сай мені,

Уа, Ием, Сен рақымдысың өйткені.

8 Жаратқан Ие ізгі де әділетті,

Сондықтан күнәкарға ақ жолды сілтейді,24:8 Яки: Сондықтан Ол күнәкарды тура жолға салады.

9 Кішіпейілді әділдікке бағыттайды,

Әрі тура жолын оған нұсқайды.

10 Келісімнің ережелерін ұстанған жанды

Жаратқан рақым әрі шындықпен бастайды.

11 Өз есіміңе сай, уа, Жаратқан Ие,

Кешіре гөр сондай ауыр күнәмді.

12 Кім Жаратқан Иені терең қастерлейді?

Таңдайтын жолын Ол соған көрсетеді.

13 Сондай адам игілікке кенеледі,

Үрім-бұтағы жерін мұра етеді.24:13 Яки: Оның үрім-бұтағы (Құдай ежелде уәде етіп, содан халқына табыстаған) елдегі жер үлесін мұра етеді (36:9; Нқл 2:21; Мыс 20:12).

14 Иеміз Өзін қастерлейтіндерге сырын

Ашады және білдіреді Келісімін.

15 Әрдайым Иеме тігемін көзімді,

Жаудың торынан Ол босатады өзімді.

16 Рақыммен салсаңшы маған назарыңды,

Жападан-жалғызбын, рухым жабырқаңқы.

17 Жүрегімнің қайғысы молайып келеді,

Қиыншылықтан азат етсеңші мені.

18 Азап пен бейнетіме көңіл бөле гөр,

Бүкіл күнәларымды кешіре гөр.

19 Жауларым қандай көп, назар сала көрші,

Жауыздықпен олар мені жек көреді.

20 Құтқара гөр жанымды аман сақтап,

Ұятқа қалмайын Сені паналап,

21 Адалдық пен әділдік қорғасын мені,

Өзіңе үміт артамын мен өйткені.

22 Уа, Құдайымыз, Өзің Исраилді

Бар қиыншылықтан құтқара көрші.

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.