Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 26

Жаратқан Иеге нық сену

1 (Дәуіттің жыры.)

Жаратқан — нұрым менің, құтқарушым да,

Кімнен мен қорқамын солай болғанда?

Жаратқан — өмірімнің берік қорғаны да,

Кімнен үрейленемін солай болғанда?

2 Мені жалмауға зұлымдар таяп қалса,

Қарсылас, жауларым маған бас салса,

Өздері-ақ сүрініп, жығылады да.

3 Мен қорықпаймын, әскер қоршап алса да,

Үмітім үзілмес, ол маған лап қойса да.

4 Иемнен бір-ақ нәрсені сұрадым,

Тек мынау ғана менің аңсағаным:

Өмір бойы Оның үйінде болсам,

Жаратқан Иенің көркіне қарасам,

Ғибадатханасында ойланып-толғансам.26:4 Немесе: Ғибадатханасына барып тұрсам.

5 Өйткені менің басыма күн туғанда

Ол тасалайды мені тұрағында,

Жасырады өз құпия орнында,

Аман сақтайды биік тау құзында.

6 Сонда қоршаған жауымнан биік тұрамын,

Иемнің киелі үйінде шаттанамын,

Қуана Оған сый-тартулар бағыштаймын,

Ән-жырымды Жаратқан Иеге арнаймын.

7 Өзіңе сиынған даусыма құлақ түрші,

Уа, Ием, рақыммен жауап бере көрші.

8 Сен «Алдыма келіп, сиыныңдар» дедің,

Саған шын жүректен жауап беремін:

«Уа, Ием, сиынып алдыңа келемін».26:8 Немесе: Жүрегім Сенің атыңнан «Бет-жүзіме назар аударасыңдар» дейді. Мен бет-жүзіңе назар аударатын боламын да, уа, Ием.

9 Бет-жүзіңді жасыра көрме менен,

Ашумен бас тартпа мендей пендеңнен.

Қорғап-қолдаушым болып келесің Сен,

Жалғыз қалдырып безіп кетпе менен,

Уа, Құдайым, Құтқарушымсың Сен.

10 Бас тартса менен тіпті әке-шешем,

Қабылдайды мені Жаратқан Ием.

11 Уа, Ием, жолдарыңды маған нұсқай гөр,

Жауларыма бола ақ жолыңмен бастай гөр,

12 Жаудың еркіне қалдыра көрме мені,

Жалған куәлар өзіме қарсы көтеріледі,

Ашумен маған қоқан-лоқы көрсетеді.

13 Алайда мен мынаған нық сенемін:

Әлі де бұ дүниеде тірі жүремін,

Жаратқан Иенің мейірімін көремін.

14 Әрдайым Жаратқанға арт сеніміңді,

Батыл болып, нығайта түс жүрегіңді!

Әрқашан Жаратқанға арт сеніміңді!

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.