Қиналған жанның Құдайдың қорғайтынына сенуі
1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)
2 Өзіңді паналаймын, уа, Жаратқан,
Ұятқа қалдырмашы мені ешқашан,
Сен әділсің, мені алып қалшы аман.
3 Құлақ түріп маған, тез құтқара көрші,
Бас сауғалар құз бен қорғаным бола көрші.
4 Өйткені жартасым, берік қамалымсың,
Жетелеп бастай гөр ізгілігің үшін,30:4 Яки: (ізгі) есімің үшін.
5 Шығаршы мені жау құпия құрған тордан,
Себебі Сен берік қорғансың маған.
6 Сенің қолыңа рухымды тапсырамын.
Уа, Ием, шынайы Құдай,30:6 (Иш 45:19; 65:16) Яки: Уа, Жаратқан Ие, (сөзіне) адал Құдай (70:22; Заң 32:4). Сен мені құтқардың.
7 Жек көрем түк пайдасыз тәңірсымақтарды
Әрі оларға табынған адамдарды,
Ал Жаратқан Иеге нық сенемін,
8 Қуанып, шаттанамын рақымыңа Сенің,
Сен байқадың мүшкіл халімді менің,
Жанымның азабына көңіліңді бөлдің.
9 Сен мені қалдырмадың жаудың қолына,
Қайта, мені тұрғыздың ашық орынға.30:9 17:20; 117:5.
10 Рақым ете гөр, қиналып тұрмын,
Уа, Ием, күйіктен солды жанарым,
Зор қасіреттен әлсіреді жан-тәнім.
11 Ғұмыр жасым қайғыдан қысқаруда,
Күңіреніп өмірім таусылуда,
Күнәма бола күш-қуатым қайтуда,
Сүйектерімнің күші кетіп қуаруда.
12 Көршілеріме жек көрініштімін,
Таныстарыма да қорқыныштымын,
Мені көре қалса қашады далада,
Осындай болдым жауларыма бола.