Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 31

Күнәсі кешірілген бақытты!

1 (Дәуіттің насихат жыры.)

Әділетсіз істері кешірілген,

Барлық күнәларынан ақталған

Қандай бақытты әрбір жан!

2 Иеміз мойнына кінә артпайтын,

Жан дүниесінде жалғандық болмайтын

Қандай бақытты әрбір жан!

3 «Күнәмді айтқым келмеп еді,

Сонда аяқ-қолым сырқырай берді,

Ыңқылдап жүрдім күні бойы.

4 Себебі күні-түні Сенің қолың

Зілдей боп үстімде жатты менің.

Сол кезде жаздың аптабы семдірген

Көк шөпке ұқсап солып қалдым мен.

5 Сонда алдыңда күнәмді мойындадым,

Әділетсіздігімді енді жасырмадым.

Жаратқанға кінәмді ашық айтам дедім,

Сен сонда барлық күнәмді кешірдің.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também