Құдіретті де рақымды Құдайды мадақтау жыры
1 Әділдер, қуана мақтаңдар Жаратқанды,
Адал жандардың мақтауы жарасымды.
2 Жаратқанды домбырамен мадақтаңдар,
Он ішекті жетігенмен32:2 Яғни жетігенге ұқсас ежелгі он ішекті күй аспабымен (143:9). күй тартыңдар,
3 Оған бағыштап жаңа ән айтыңдар,
Мәнерлеп ойнап, шаттана айқайлаңдар!
4 Өйткені Жаратқанның сөзі шынайы,
Ол бар істерін адалдықпен жасайды,
5 Иеміз әділет пен әділдікті қалайды,
Оның рақымына толы жердің барлығы.
6 Жаратқанның сөзімен аспан жаралды,
Аузының лебімен жұлдыздар да жасалды.