Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 32

Құдіретті де рақымды Құдайды мадақтау жыры

1 Әділдер, қуана мақтаңдар Жаратқанды,

Адал жандардың мақтауы жарасымды.

2 Жаратқанды домбырамен мадақтаңдар,

Он ішекті жетігенмен32:2 Яғни жетігенге ұқсас ежелгі он ішекті күй аспабымен (143:9). күй тартыңдар,

3 Оған бағыштап жаңа ән айтыңдар,

Мәнерлеп ойнап, шаттана айқайлаңдар!

4 Өйткені Жаратқанның сөзі шынайы,

Ол бар істерін адалдықпен жасайды,

5 Иеміз әділет пен әділдікті қалайды,

Оның рақымына толы жердің барлығы.

6 Жаратқанның сөзімен аспан жаралды,

Аузының лебімен жұлдыздар да жасалды.

7 Теңіздің суларын Ол жинап, шек қойды,

Түпсіз мұхитты «қоймаларына» құйды.32:7 103:9; Жар 1:2,9-10; 9:15.

8 Күллі жер Жаратқан Иені қастерлесін,

Әлемнің бар халқы Оны құрметтесін,

9 Өйткені Ол сөз айтқанда орындалды,

Бұйрық бергенде бар болып, берік тұрды.32:9 148:5; Жар 1:3-27.

10 Иеміз бағынбайтын ұлттардың ойларын

Шайқалтып, жояды арамза жоспарларын.

11 Жаратқанның жоспары мәңгі берік тұрады,

Бар ұрпақтарға ниеті нық сақталады.

12 Құдайы — Жаратқанға сиынған ұлт бақытты,

Ол меншігіне таңдаған халық жарылқаулы!

13 Жаратқан Ие көктен жерге қарар,

Сонда күллі адамзатты көзімен шолар,

14 Өз тағынан жер тұрғындарын байқар.

15 Ол бәрінің жүректерін жаратты,

Бүкіл істерін толық ұғынады.

16 Патшаны қалың жасағы құтқармайды,

Жауынгер зор күшімен қорғана алмайды,

17 Тұлпар да құтқаруға жарамайды,

Ерен күшімен де құтылта алмайды.

18 Бірақ Өзін терең қастерлейтіндерге,

Рақымына үмітін жүктегендерге

Назарын салады Жаратқан Ие

19 Оларды ажалдан құтқару үшін,

Ашаршылықта32:19 Яки: Тіпті аштық (жұт) кезінде (36:19). аман сақтау үшін.

20 Жаратқанға шын көңілден сенім артамыз,

Ол — қолдаушымыз, қалқандай қорғаушымыз.

21 Жүрегіміз шаттанады Иемізге,

Кәміл сенеміз киелі есіміне!

22 Үмітіміз Өзіңде, уа, Жаратқан Ие,

Берік мейіріміңмен жар бола гөр бізге.

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.