Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 33

Құдай Өзіне сенгендерді аман сақтайды

1 (Дәуіттің жыры. Ол Дәуіттің Әбимәлік33:1 Әбимәлік філістір көсемдерінің бір атағы болған шығар; сол оқиға болған кездегі патшаның есімі Анхұс еді (Пат1 21:10-22:1). алдында есуас болғансып, соның қасынан қуылып, құтылып кеткен оқиғасына арналған.)

2 Жаратқан Иені мадақтаймын әр уақытта,

Оны мақтаған жыр ұдайы жүрсін аузымда.

3 Тәңір Иені шын жүректен тұтамын мақтан,

Байғұс бейшаралар естіп, қуансын соған.

4 Келіңдер, бірге Жаратқанды мадақтайықшы,

Бірігіп Оның есімін марапаттайықшы!

5 Жаратқанға сиындым, Ол жауап берді маған,

Әрі азат етті мені бар қорқынышымнан.

6 Жаратқанға сиынып көз тіккендер жайнайды,

Олар шаттанып, еш масқара болмайды.

7 Жарлы болған мен жалбарындым Жаратқанға,

Ол естіп, бар пәлемнен құтқарды сонда.

8 Иені қастерлейтіндерді қоршап тұрады

Оның періштесі, ол соларды құтқарады.

9 Жаратқанның ізгілігіне көз жеткізіңдер,

Қандай бақытты Оған сенімін жүктегендер!

10 Қастерлеңдер Иені, Оның қасиеттілері!

Жоқшылық қинамайды Оны қастерлейтіндерді.

11 Арыстандар азыққа зәру жүре алады,

Ал Иеге сенгендер бар игілікке тояды.

12 Келіңдер, балалар, тыңдаңдар сөзімді,

Үйретемін сендерге Иемізді қастерлеуді.

13 Сендердің қайсыларың өмірді ұнатасыңдар,

Жақсы күндерді көптеп көруді қалайсыңдар?

14 Онда жаман сөз ауыздарыңнан шығармаңдар,

Өтірік айтудан да әрқашан сақтаныңдар!

15 Жамандықтан бас тартып, жақсылықты жасаңдар,

Татулыққа ұмтылып, сол үшін күш салыңдар!

16 Жаратқан Ие әділдерге назар аударады,

Өзіне жалынған оларға құлақ салады.

17 Ал сұмдық жасайтындарға Жаратқан қарсы шығады,

Есімдерін із-түзсіз жер бетінен жоқ қылады.

18 Әділдер жалынса, Иеміз құлақ салады,

Күллі қиындықтан оларды құтқарып алады.

19 Жүрегі жаралыға Жаратқан жақын тұрады,

Жаны күйреп, күнәсіне өкінгенді құтқарады.

20 Әділ жан қиындықты көп көреді,

Ал Иеміз оны бәрінен азат етеді,

21 Оның барлық сүйектерін аман сақтайды,

Тіпті бірде-біреуі сындырылмайды.

22 Сұрқияның зұлымдығы түбіне жетер,

Әділді жек көрген жан зардабын шегер.

23 Жаратқан Ие құтқарады өз құлдарын,

Ол соттамайды Өзін паналағандарын.

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.