17 Ал сұмдық жасайтындарға Жаратқан қарсы шығады,
Есімдерін із-түзсіз жер бетінен жоқ қылады.
18 Әділдер жалынса, Иеміз құлақ салады,
Күллі қиындықтан оларды құтқарып алады.
19 Жүрегі жаралыға Жаратқан жақын тұрады,
Жаны күйреп, күнәсіне өкінгенді құтқарады.