Құдайдан арамза жаулардан қорғауын өтіну
1 (Дәуіттің жыры.)
Менімен ерегісіп келгендермен
Сен Өзің ерегісе гөр, уа, Ием.
Маған қарсы күресіп келгендермен
Сен Өзің күресе гөр, уа, Ием.
2 Сауыт киіп, қалқаныңды қолыңа алшы,
Мені қолдап айқасуға дайындалшы.
3 Семсер суырып,34:3 Немесе: Найза мен айбалтаны қолыңа алып. қуғыншыларды бөгеші,
«Мен Құтқарушыңмын!» деп жаныма жігер берші.