Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 34

Құдайдан арамза жаулардан қорғауын өтіну

1 (Дәуіттің жыры.)

Менімен ерегісіп келгендермен

Сен Өзің ерегісе гөр, уа, Ием.

Маған қарсы күресіп келгендермен

Сен Өзің күресе гөр, уа, Ием.

2 Сауыт киіп, қалқаныңды қолыңа алшы,

Мені қолдап айқасуға дайындалшы.

3 Семсер суырып,34:3 Немесе: Найза мен айбалтаны қолыңа алып. қуғыншыларды бөгеші,

«Мен Құтқарушыңмын!» деп жаныма жігер берші.

4 Жанымды алмақ жаулар ұятқа қалсын,

Мені құртуға әрекет еткендер жасырын

Енді кері қайтып, әбден масқаралансын!

5 Олар жел өтіндегі қауыздай шашырасын,

Жаратқанның періштесі айдап шықсын,

6 Жолдары қараңғы да тайғақ болсын,

Иә, Жаратқанның періштесі қуғындасын!

7 Өйткені олар жазықсыз маған тор құрды,

Еш айыпсыз маған арнап ор қазды.

8 Сондықтан оларға кенет ажал жетсін,

Маған құрған торына өздері түссін,

Осылайша өз бастары құрып кетсін.

9 Сонда мен Жаратқанға шаттанамын,

Мені құтқарған Иеме қуанамын,

10 Жан-тәніммен Оны былай деп мақтаймын:

«Күшсіз жанды күштіден қорғайтын,

Бейшара кедейді тонаушыдан сақтайтын

Саған кім тең келер, уа, Жаратқаным?»

11 Ал мені айыптайды жалған куәлар,

Мен білмейтін жайттарды тергеп сұрар.

12 Жақсылығыма жамандықпен қайтарар,

Жан дүниемді қаңыратып бос қалдырар.

13 Ал олар ауырған кезде мен де қайғырдым,34:13 Немесе: мен қайғырып қарапайым (яки: азалы) киім кидім.

Ораза ұстап жанымды қалжыраттым,

Жаратқанға олар үшін жалбарындым.

Жауапсыз қайтқанда сол мінажатым,

14 Олар үшін дос-жарандай қамықтым,

Анамды жоқтағандай бас иіп қайғырдым.

15 Алайда мен сүрінгенде олар қуанды,

Айыптауға маған қарсы жиналды,

Бейхабар мені үздіксіз даттады,

16 Арсыз мазақтаушылармен бас қосты,

Маған қарсы тістерін қайрап бақты.

17 Уа, Жаратқан, бұған төзесің қашанғы?

Сол «кәрлі арыстандардан» жалғыз жанымды

Құтқаршы, һәм зұлымдықтарынан ғұмырымды.

18 Мен үлкен жиында Сені даңқтаймын,

Көп халықтың алдында Сені мақтаймын.

19 Себепсіз жауым болған жандар қуанбасын,

Кінәсіз мені жек көргендер табаламасын!

20 Татулық сөзін олар еш қозғамайды,

Елдегі бейбіт жұртқа сұмдық жоспарлайды.

21 Арандарын кең ашып маған мін тағады:

«Рас, біз сенің жамандық жасағаныңды

Өз көзімізбен көрдік» деп айыптайды.

22 Уа, Жаратқан, мұны көрдің, үнсіз қалма,

О, Ием, Сен менен еш қашықтама,

23 Тұрып, мені қорғауға ұмтыла гөр,

Уа, Ием, Құдайым, мүддемді қорғай гөр,

24 Әділдігіңе сай мені ақтай гөр,

Уа, Құдай Ием, табаламасын олар!

25 «Жақсы екен бұл, дәл көңілдегідей,

Енді оны жеп құртамыз тірідей!»

Деп ойлай алмасын сол зұлым жандар.

26 Менің мүшкіл халіме қуанғандар

Бәрі ұятқа қалып, масқаралансын,

Өздерін менен тым жоғары қойғандар

Қара бет болып, ұятқа орансын.

27 Ал қалағандар ақталуымды менің

Шаттана дауыстап қуанышқа кенелсін.

«Қызметшісіне амандығын сүйсіне сыйлаған

Жаратқан Иеміз мадақталсын әрқашан!»

Деп дәріптей берсін олар тоқтамастан.

28 Күн сайын мен де Сені мақтап дәріптеймін,

Әділдігіңді бар халыққа паш етемін.

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.