8 Сондықтан оларға кенет ажал жетсін,
Маған құрған торына өздері түссін,
Осылайша өз бастары құрып кетсін.
9 Сонда мен Жаратқанға шаттанамын,
Мені құтқарған Иеме қуанамын,
10 Жан-тәніммен Оны былай деп мақтаймын:
«Күшсіз жанды күштіден қорғайтын,
Бейшара кедейді тонаушыдан сақтайтын
Саған кім тең келер, уа, Жаратқаным?»
11 Ал мені айыптайды жалған куәлар,
Мен білмейтін жайттарды тергеп сұрар.