Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 35

Пенденің күнәкарлығы, ал Жаратқанның ізгілігі

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, Жаратқан Иенің қызметшісі Дәуіттің жыры.)

2 Зұлымның заңсыздығы жайлы жүрегімнің

Түкпірінен шыққан ойды былай деймін:35:2 Немесе: Зұлымның жүрек түкпірінен заңсыздық сөйлейді.

Оның ниеті жоқ Құдайды қастерлейтін.

3 Күнәсін ұғып, жек көргеннен гөрі

Жағымпазданады ол өзіне-өзі.

4 Зұлымдық пен өтірік — айтқан сөздері,

Жақсылық жасауды ойлағысы келмейді,

5 Төсекте жатып та сұмдық жоспарлайды,

Теріс жолмен жүріп, күнәдан бас тартпайды.

6 Ал, Ием, көктей шексіз Сенің рақымың,

Бұлттардай заңғар Сенің адалдығың!

7 Таулардай айбынды Сенің әділдігің,35:7 Немесе: Сенің әділдігің Құдайдың тауларындай (айбынды).

Тұңғиықтай терең Сенің шешімдерің.

Сен адам мен хайуанның екеуін де

Қамқорлап келесің, я, Жаратқан Ие.

8 Уа, Құдай, Сенің рақымың қандай қымбат,

Қанатыңның астын паналайды адамзат,

9 Әлеміңнің игілігіне35:9 Яки: «Үйіңнің майына». (Осындағы Құдайдың «үйі» Оның бүкіл жаратылысын, ал «майы» ағыл-тегіл өнімді астарлап білдіреді.) тойдырасың,

Өзеніңнің35:9 Яки: Тасқыныңның. (Құдай өз «қоймаларынан» жаудырған жауын-шашынынан ағыл-тегіл игілік тудырады: 32:7; 103:13-16; Әйүп 38:8-9,22,25,37. Осындағы судың астарлы мағынасы — рақым мен жарылқау: 35:8; 45:5; Езк 47:1-10.) рақатына қандырасың.

10 Өйткені өмірдің қайнары Өзіңсің,

Жарықты көреміз нұрыңда Өзіңнің.

11 Сені білетіндерге рақымыңды төкші,

Адал жандарға шындығыңды көрсетші.

12 Менмендерге мені таптата көрмеші,

Зұлымдарға да қудалата көрмеші.

13 Әне, қылмыскерлер орындарынан құлады,

Қайтып тұрмастай төменге лақтырылды!

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também