7 Шыдамды бол Жаратқанның алдында,
Шешімін күт сабырмен, еш асықпа!
Арам жоспарын іске асырған жанға,
Табысқа жеткен зұлымға ашуланба!
8 Ашу-ызаңнан қайт, бас қаһарыңды,
Сұмдыққа өршітпесін олар жаныңды.
9 Зұлымдық жасаушылар жойылып кетер,
Иемізге сенушілер елді иемденер.36:9 Яғни Жаратқан Иемізге сенімін артқандар Оның еліндегі үлестерін мұра етіп иеленеді (24:13; 36:11,18,22,27,29,34).