Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 37

Қатты ауырған жанның мінажаты

1 (Басына түскен жағдайын Құдайдың есіне салған Дәуіттің жыры.)

2 Уа, Жаратқан, қаһарланып сөге көрме,

Ашуланып мені жазалай көрме.

3 Өзің атқан жебелерің денеме кірді,

Қолың зілдей басты менің үстімді.

4 Қаһарыңнан денемде сау жерім жоқ,

Күнәмнан жан-тәнімде тыныштық жоқ.

5 Істеген күнәларым басымнан асты,

Ауыр жүктей денемді жерге жаншыды.

6 Ақымақ істерімнің кесірінен

Жараларым іріңдеп, иістенген,

7 Иіліп кеттім тұла бойым бүгіліп,

Күні бойы жүремін қайғы шегіп.

8 Белім менің ісіп кетіп қабынған,

Денемде сау жерім жоқ ауырмаған.

9 Әбден әлсіреп, шалдығып-шаршаймын,

Жан азабынан қатты ыңқылдаймын.37:9 Яки: қатты айқайлаймын.

10 Уа, Ием, Саған аян барлық қалауым,

Құпия емес Саған ыңқылдауым,37:10 Яки: Құпия емес Саған күрсінуім.

11 Жүрегім аласұрып, құрыды қуатым,

Көз жанарым суалып, қашты нұрым.

12 Дос-жарандарым жарамнан қашқақтап,

Жақын туыстарым да тұр алшақтап.

13 Жанымды алмақ жаулар тұзақ құрады,

Дұшпандар ажалым туралы айтады,

Күн сайын қастық жайлы ақылдасады.

14 Ал мен саңыраудай құлақ аспаймын,

Мылқау сияқты жағымды ашпаймын,

15 Осылай құлағы естімес адамдаймын,

Аузынан жауап шықпас мылқаудаймын.37:15 Яки: Аузынан дәлел шықпас мылқаудаймын.

16 Өйткені, Жаратқан Ие, Өзіңе сенем,

Сен жауап бересің, уа, Құдай Ием.

17 Сонда мен былай деп ойлаған едім:

Дұшпандарым мені табаламасын,

Сүрініп құласам, олар паңданбасын.

18 Себебі жақын қалдым мен құлауға,

Азабым әрдайым көз алдымда.

19 Әділетсіз ісімді мойындаймын,

Жасаған күнәма қайғырудамын.

20 Ал көп жауларым сергек жүріп күшеюде,

Себепсіз мені жек көретіндер көбеюде,37:20 34:19; 68:5.

21 Жақсылығыма олар жамандық қайырады,

Ізгі жолмен жүргеніме қарсы шығады.

22 Уа, Ием, мені жалғыз тастай көрме,

О, Құдайым, менен алыстай көрме.

23 Асыға гөр маған көмек беруге,

Құтқарушым менің, уа, Жаратқан Ие.

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.